21 мамыр 2014 09:34

Өзбекстандық үш қыз сексуалды құлдықтан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған

"Шымкентте өзбекстандық үш қыз сексуалды құлдықтан босатылды. Бұл туралы "Сана Сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы ұйымдастырған семинар барысында мәлім болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Отырар" ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Шымкентте өзбекстандық үш қыз сексуалды құлдықтан босатылды. Бұл туралы "Сана Сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы ұйымдастырған семинар барысында мәлім болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Отырар" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Өзбекстан азаматшыларын Оңтүстік Қазақстан облысына "жоғары жалақылы жұмысқа тұрғызамыз" деп алып келген. Шымкентке келген соң қыздардың құжаттарын алып қойып, кәсіби жезөкшелікпен айналысуға мәжбірлеген. Екі айдай уақыт оларды еркінен тыс ұстап отырған. "Сана Сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы жетекшісінің сөзіне қарағанда, жәбірленушілер сәтін тауып орталықтың сенім телефонына хабарласқан. Үкіметтік емес ұйым қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес басқармасымен бірлесіп, қыздарды құлдықтан азат еткен. Қазіргі уақытта осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғау қарастырылып жатқан көрінеді.

"Бұл біздің ұйым арқылы өтіп отырған үш іс, ал шын мәнінде мұндай жағдайлар өте көп. Адам саудасы жасырын түрде жасалатын қылмыс, оны сотқа дейін жеткізу өте қиын. Іс белгілі бір сатыда тоқтап қалуы не мүлде күйреуі мүмкін. Көп жағдайда куәгерлер, дәлелдер жоқ болған соң қылмыстық іс қозғалмай қала береді. Бірақ біз қандай жағдайда да алға қарай басып, істі сотқа жеткізуге бар күшімізді саламыз" дейді "Сана Сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының президенті Хадиша Әбішева.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети