22 шілде 2016 11:07

Өзбекстанға бара жатқан пойыздан 3,5 миллион теңге көлеміндегі тауарды жымқырғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© chita.ru © chita.ru

Көліктегі полицейлер 3,5 миллион теңге көлемінде халық тұтынатын тауарларды жымқырған Локомотив депосы мен Әскерилендірілген темір жол күзетінің қызметкерлерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 6 шілдеде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полицияның желі бөліміндегі қызметкерлері Достық станциясында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының бес тұрғынын 49 түк пен халық тұтынатын тауарларды (әйелдердің бас киімдері) жымқырғаны үшін  ұстады.

Сондай-ақ, тексеріс барысында ұсталғандардың халық тұтынатын тауарларды 4 маусымда Қаракұм өткелінде Өзбекстанға қарай бара жатқан контейнердің вагонынан алғаны анықталды. 

Ұсталғандардың екеуі Локомотив депосы мен Әскерилендірілген темір жол күзетінің қызметкерлері болып шықты. Олармен қоса тағы үш азамат та ұсталыпты. Шығынның көлемі -  3 492 059 теңге.

Айта кетейік, айғақты заттар алынды. Сондай-ақ, ұсталған бес азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети