08 қараша 2016 13:26

Өзінің танысын қатыгездікпен өлтірген қарағандылық 11 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Қарағандыда теміртаулық азаматты өлтіріп, дене мүшелерін бөлшектеп, бір ай бойы сыртқа шығарып отырған ер адамға қатысты үкім шығарылды. Сотталушы кісі өлімі бойынша айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда теміртаулық азаматты өлтіріп, дене мүшелерін бөлшектеп, бір ай бойы сыртқа шығарып отырған ер адамға қатысты үкім шығарылды. Сотталушы кісі өлімі бойынша айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот сотталушының ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әзірше заңды күшіне енген жоқ. Тараптар 15 тәулік бойы соттың қайта қаралуына жоғарғы инстанцияға арыз бере алады", - деді Қарағанды облысы Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотының баспасөз қызметіндегілер.

Сотталушы өзінің соңғы сөзінде кінәсін толығымен мойындап, өкінетінін айтқан. Ол өзіне бір адамдық камераға жабуын сұрады. 

"Бәріне арақ ішкенім кінәлі. Бірақ мен өзімнен жауапкершілікті алып тастағым келмейді. Қалай болған жағдайда да, кінәсіз адам менің қолымнан қайтыс болды. Соттан өтінемін, маған бір адамдық камералы абақтыға жабуыңызды өтінемін. Маған мұнымен өмір сүру қиын", - деді сотталушы өзінің соңғы сөзінде.

Еске салайық, қылмыстық істің материалдары бойынша, күдікті ер адамды бауыздаған, осыдан кейін бір ай бойы бөлшектеп, сыртқа шығарып, қоқыс жәшігіне тастап отырған. Жантүршігерлік қылмыс осы жылдың 22 ақпанында болған. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыскер өз үйінде ер адамды қонақ қылған. Сол күні, 22 ақпанда ер адам жұмыстан ішімдік ішіп келіп, өзімен бірге арақ алып келген. Екеуі спирттік ішімдікті ішкен. Үстел үстінде отырып, екеуі араздасып қалады. Осы кезде қонақ болып жүрген ер адам асхана пышағын алып, сермей бастаған. Пәтердің иесі де қарап тұрмай, қолына балғаны алып қарсыласының басынан ұрған. Осыдан кейін оны бауыздаған. Бірінші ол басын кесіп, одан кейін саусақтарын шапқан.

Ертесіне қылмысын жасыру мақсатында, күдікті өлген адамның басын қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген. Ал денесін балконға шығарып, көрпемен жауып қойған. Осыдан кейін бір ай бойы дене бөлшектерін бөліп, қаланың қоқыс жәшіктеріне тастап отырған. Оң қолының сауақтары күдіктінің үйінің терезесінің алдында табылған. Оны 22 наурызда куәгерлер тапқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети