Пәкістан тұрғыны немере қарындасы тұрмысқа шығуға қарсы болғаны үшін өзінің 10 туысын өлтірді

05 Сәуір 2015, 17:04
0
Пәкістан тұрғыны немере қарындасы тұрмысқа шығуға қарсы болғаны үшін өзінің 10 туысын өлтірді - @Flickr/Jarjan
@Flickr/Jarjan

Пәкістан тұрғыны немере қарындасы тұрмысқа шығуға қарсы болғаны үшін өзінің 10 туысын өлтірді, - деп хабарлайды РИА Новости Geo TV телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті полицейлердің мәліметінше, оқиға 5 сәуірде Пәкістанның солтүстігіндегі Хайбер-Пахтунхва елді мекенінің Чарсадда қаласында болған. Күдікті Гүл Ахмед Кан қазір қашып жүр. Ол өзінің ағасын, тәтесін және сегіз немере бауырын, соның ішінде екі кішкентай баланы өлтірген. Олардың қатарында күдікті үйленгісі келген немере қарындасы да бар.

Агенттіктің мәліметінше, 2014 жылдың қарашасында күдікті өзінің ата-анасы мен екі бауырын атып өлтірген. Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Еске салайық, Волгоград тұрғыны үйлену тойының ертесіне өз әйелін өртеп өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай