25 желтоқсан 2014 10:42

Пара алған ауыл әкімі орынбасарының ісі сотта қаралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматы облысында жер телімін пайдалануға рұқсат беру үшін пара алған ауылдық округ әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотта қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында жер телімін пайдалануға рұқсат беру үшін пара алған ауылдық округ әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотта қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл шілдеде Қарасай аудандық сотының үкімімен әкімнің орынбасары Есімов Қылмыстық кодекстің алаяқтық және пара алу баптары бойынша айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар мемлекеттік қызмет атқару құқығынан үш жылға айырылып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталды, бірақ мүлкі тәркіленген жоқ. Сот тағайындалған жазаны Қылмыстық кодекстің 63-бабының негізінде үш жылға сынақ мерзімімен шартты түрде деп есептеу туралы қаулы қабылдады. Бірақ Алматы облыстық сотының кассациялық сот алқасының қаулысымен бұл үкім өзгеріп, 63-бапты қолданудан бас тартылып, қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот ісі материалдарына сәйкес, биыл 20 қаңтарда жәбірленуші Николаенко деген азамат Қарасай ауданының ауылдық округ әкімдігіне екі саяжай жер телімінің құжатын рәсімдеу және сауда ғимаратын салу үшін жерді жалға алу туралы өтінішпен барған.

Ауылдық округтің әкімі жұмыс орнында болмағандықтан Николаенко бұл мәселе бойынша әкімнің орынбасары Есімовке барады. Есімов өтініш берушінің сенімін пайдаланып, жер учаскелерін беру, бөлу, жалға беру оның құзіретіне жатпаса да, пайдакүнемдік ниетпен саяжай алқабынан жер телімін беруге уәде беріп, қызметі үшін 2 мың доллар сұраған.

Айта кетейік, әкімнің орынбасары жәбірленушінің жазбаша арызына сәйкес, Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің санкциясы бойынша жедел іздестіру шаралары кезінде 2014 жылы 20 наурызда пара алып жатқан жерінде ұсталды.

Еске сала кетейік, биыл наурызда Ақмола облысында Семфирополь ауылдық округының әкімі пара алу үстінде ұсталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети