29 маусым 2016 12:43

Павлодар әуежайында ҚР төлқұжатын пайдаланған екі америкалық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік полицейлері Павлодар қаласы әуежайында жолаушыларды тіркеу кезінде ҚР-да заңсыз жүрген екі америкалық азаматты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көлік полицейлері Павлодар қаласы әуежайында жолаушыларды тіркеу кезінде ҚР-да заңсыз жүрген екі америкалық азаматты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы 27 маусымда "Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" акциясын жүргізу кезінде Павлодар станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері Павлодар қаласы әуежайында "Павлодар-Мәскеу" әуе рейсіне жолаушыларды тіркеу кезінде бұрын Қазақстан Республикасының азаматтары болған, Америка Құрама Штаттарының екі азаматын анықтап, ұстады.

"Олардың бірі, 2007 жылы Павлодар қаласынан кетіп, 2012 жылы ресми түрде АҚШ азаматтығын алған Минисота Штаты Иган қаласының 43 жастағы тұрғыны. Екіншісі 2014 жылы АҚШ азаматтығын алған Минисота Штаты Шакопи қаласының 82 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.

Құжаттарды тексеру барысында олардың 2016 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстан аумағына келіп, АҚШ азаматтары бола тұра Қазақстан Республикасының төлқұжаттарын пайдаланғаны, яғни, ҚР заңнамасын бұзғаны анықталды.

Бұл дерек бойынша көлік полицейлері АҚШ азаматтарының үстінен ҚР ӘҚБтҚ 496-бабының 1-тармағы бойынша ("ҚР азаматтығынан айырылған адамның ҚР азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы") әкімшілік хаттама толтырып, олардың әрқайсысынан 100 АЕК, яғни 212 100 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 

Еске сала кетейік, биыл 27 мен 29 маусым аралығында ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағы бойынша "Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" акциясы өтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети