Павлодар ауылдық әкімшілігінен әйелдің өлі денесі табылды

07 Қазан 2014, 19:35
0
Павлодар ауылдық әкімшілігінен әйелдің өлі денесі табылды - Фото pro-goroda.ru сайтынан алынды
Фото pro-goroda.ru сайтынан алынды

Павлодардағы адам өлімінің себебін полицейлер анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қанды қылмыс ауылдық әкімшілікте  болыпты.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, зорлық-зомбылықпен өлтірілген 49 жастағы әйелдің денесі бүгін, 7 қазанда Павлодар ауылдық әкімдігінің фойесінен табылған. Өлі денеге еден жуушы кез болған. Оның айтуынша, марқұм тыр жалаңаш еденде жатқан. Белгілі болған дерекке қарағанда, әйелге пышақ салынған. Полициядағылардың айтуынша, көз жұмған әйел ауылдық әкімдікте қарауыл болып жұмыс істеген.

Бұл кісінің өліміне қатысты Павлодар ауылының 1988 жылғы тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, өз қылмысын мойындаған. Оның айтуынша, ол әйелмен арақ ішіп отырғанда арада туған дау-жанжал кезінде пышақ сілтеген. "Болған оқиғаға байланысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Алма Мұсабекова. Марқұмның артында екі баласы қалыпты.

Соңғы рет Павлодарда елді дүрліктірген кісі өлімі тамыз айында болған. Ол кезде отқа оранған орман өртін сөндіруге келген құтқарушылар Шербақты трассасынан 35 шақырым жерде көмілген адамның денесін тауып алған. Бұдан кейін қаза болған 57 жастағы кәсіпкер әйелдің жеке жүргізушісі қолға түскен. Полициядағылар Павлодар облысындағы өрт қылмыстың ізін жасыру үшін қасақана ұйымдастырылуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай