16 сәуір 2015 18:03

Павлодар облысы әкімінің бұрынғы орынбасары бес жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Павлодардың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында облыс әкімдігінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты атышулы процесс аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодар облысының әкімінің бұрынғы орынбасары Арслан Әбдіхалықов үкім оқылғаннан кейін қамауға алынды.


Павлодардың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында облыс әкімдігінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты атышулы процесс аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодар облысының әкімінің бұрынғы орынбасары Арслан Әбдіхалықов үкім оқылғаннан кейін қамауға алынды.

Сот бұрынғы шенеунікті "Ұйымдасқан топтың қызметтік жағдайды пайдалана отырып, алдын ала келісім бойынша, ірі көлемде алаяқтыққа дайындық жасау" және "Пара беруге итермелеу" баптары бойынша айыпты деп таныды. Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары мүлкін тәркілеу арқылы, басқару қызметтерінде алдағы алты жыл бойында тағайындалу құқығынан айырылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Облыс әкімінің экс-кеңесшісі Төлеген Бастенов осыған ұқсас қылмысы үшін 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Қамауда отырған кәсіпкер Зәуір Мансұров сот залында босатылды. Оған пара сомасының 10 есе құнын өтеу түріндегі айыппұл салынды, яғни ол 87 миллион теңге төлеуі тиіс.

Бұл істегі тағы екі фигурант - кәсіпкерлер Ғизат Борамбаев пен Бекболат Апсалямов пара беруге итермелеу бойынша айыпты деп танылды. Сот оларға пара сомасынан бес есе көп көлемде, яғни 43,5 миллион теңге айыппұл түріндегі жазаны тағайындады. Айта кетейік, сот процесі кезінде Павлодар облысының әкімінің бұрынғы орынбасары өз кінәсін мойындаған жоқ, ал тергеу кезінде айтылғандарды қысым түсірілгеннен кейін айтқанын мәлімдеді. Өз кінәсін кәсіпкер Мансұров та мойындамады.

Еске салайық, атышулы іс 2013 жылдың желтоқсан айында басталған еді. Облыс әкімінің экс-кеңесшісі Бастенов 8,7 миллион теңгені құрылыс фирмасының делдалынан алып жатқан кезде ұсталды. Бұл қаражат Павлодардағы мектептің құрылысына жарияланған конкурста жеңіп шығу үшін берілген сыйақы ретінде қарастырылды. Сотта Төлеген Бастенов бұл қаражатты облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына беруі керек болғанын мойындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети