10 мамыр 2017 19:41

Павлодар облысында ауытқушылығы бар адам бір әйел мен оның үш баласын пышақтап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында тұрмыстық жанжалдың салдарынан үш бала пышақ жарақатын алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Павлодар облысында тұрмыстық жанжалдың салдарынан үш бала пышақ жарақатын алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел мәліметтер бойынша, оқиға Щербақты ауданында болған. Полициядағылардың айтуынша, 27 жастағы әйел мен оның 28 жастағы бірге тұратын адамы ішімдік ішіп отырып, жанжал бастаған. "Ұрыс-керіс барысында ер адам пышақ алып, әйелді жарақаттаған, кейін 5, 8 және 9 жастардағы балаларды пышақтаған", - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Анасы ен балалары ауруханаға жеткізілген. 

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Ұсталған адам облыстық психоневрологиялық диспансерге қамалған. Ер адамның психиатрлық есепте тұрғаны белгілі болды. 

Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына қарағанда, әйел мен оның 8 жастағы баласы ем алғаннан кейін үйіне жіберілген. Ал қалған екі баласы - 2006 жылғы ұл бала мен 5 жасар қыздың денесі тілінген. Олар қазіргі уақытта Павлодардағы облыстық балалар ауруханасында жатыр. Екеуінің де жағдайы тұрақты және қанағаттанарлыққа жақын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети