24 ақпан 2017 18:05

Павлодар облысында мемқызметкерлерге сыйлық бергендерге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews © Tengrinews

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде өткен брифинг барысында Павлодар облысы бойынша аймақтық департамент басшысының міндетін атқарушы Тыныштық Жүсіпов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде өткен брифинг барысында Павлодар облысы бойынша аймақтық департамент басшысының міндетін атқарушы Тыныштық Жүсіпов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент басшысы облыстағы жемқорлық деректерді келтірді.

"Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы жеке тұлғалардың лауазымды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы беру фактісі бойынша 3 факт және мемлекеттік қызметшілердің заңсыз материалдық сыйлық алуы бойынша 2 факт анықталған", - дейді Жүсіпов.

Бұл істер істер бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды және істер Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қарастыру үшін жолданған.

Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық ұсынған үш кінәлі тұлғаның әрқайсысына 1 361 400 теңге болатын 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сыйлық алған мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 600 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды.

Тағы бір мемлекеттік қызметкердің сыйлық алуы бойынша іс сотта қаралып жатыр.

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшінің назарынсыз түскен сыйлықтар, сонымен қатар өз қызметін атқару кезінде алынған сыйлықтар, арнайы мемлекеттік қорға 7 күннің ішінде тапсырылуы тиіс екенін еске салды департамент өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети