30 наурыз 2017 17:02

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 11 адамы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 11 адамы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 11 адамы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық топ заңсыз ойын бизнесімен айналысып келген. Астыртын казиноларды, рулеткаларды, сондай-ақ, қаладағы сауда орталықтарында тұрған ойын автоматтарымен айналысқан. Қылмыстық топтың осы бизнес арқылы 2,6 миллиард теңге тапқаны, сондай-ақ, Мәскеуде жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алып қойғандары белгілі болды.

"Бұл топтың заңсыз қызметі құпиялығымен және қатаң тәртібімен ерекшеленген. Топтағы әрбір адамның өзінің рөлі болған. Ол жақта ғимаратты жалға алу мәселесімен және казиноға VIP клиенттерді тартумен айналысатын промоутерлер жұмыс істеген. Біреулердің атымен 30-дан аса жеке кәсіпкерлік ашылған. Сондай-ақ, салық есебі жүргізілген, бірақ онда екі бухгалтерия жұмыс істеген. Дұрыс жасалған есеп Ресейге жіберіліп тұрған", - деді Павлодар прокуроры Ержан Бөлегенов.

Оның айтуынша, қылмыстық топта тек екі штаттық бухгалтер қызмет етпеген. Онда өздерінің қауіпсіздік қызметі де болған. Олар күнделікті интернет ресурстарында жүргізіліп жатқан әңгімелерді тексеріп отырған. Қандай да бір күдік келген жағдайда олар қызметкердің тек нөмірін емес, сондай-ақ, телефондарын ауыстырып тастаған.

"Орталықты үш адам басқарды, олардың екеуі - ағайындылар. Біреуі Екібастұзда жұмыс істесе, екіншісі Павлодар облысы үшін жауап берген. Қазіргі уақытта осы фигуранттардың барлығы анықталды. 11 адам қамауға алынды. Жеті күдікті тергеу изоляторында, ал үш адам үй қамауында", - деді прокурор.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың ойын бизнесі арқылы күніне 7 миллион теңге тапқаны белгілі болды. Үнемі келетін клиенттерінің саны 600 адамға жеткен. Жедел іс-шаралар барысында Павлодарда 100-ден аса ойын автоматтары тәркіленді. 

Айта кетейік, күдіктілер төрт бап бойынша айыпталып жатыр. Қылмыстық топтың бір мүшесі халықаралық іздеуге салынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети