01 ақпан 2016 16:36

Павлодар полицейлері жаяу жүргінші жолында қыз бен бүлдіршінді қағып кеткен жүргізушіні тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Типичный Павлодар/YouTube © Типичный Павлодар/YouTube

Павлодар полицейлері жаяу жүргінші жолында қыз бен бүлдіршінді қағып кеткен жүргізушіні тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы 30 қаңтарда болған еді.


Павлодар полицейлері жаяу жүргінші жолында қыз бен бүлдіршінді қағып кеткен жүргізушіні тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы 30 қаңтарда болған еді.

Жүргізуші облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол жол-көлік оқиғасы кезінде Мercedes көлігінің тізгінінде болған. "Осы дерек бойынша "Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де
қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу" және "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы" баптарына сәйкес әкімшілік өндіріс басталды", - деп хабарлады аймақтық ІІД өкілдері.

Жүргізушінің оқиға болған жерден кетіп қалғаны белгілі. Оған 10-15 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Еске салайық, Павлодарда жаяу жүргінші жолында бір қыз бен бүлдіршінді көлік қағып кеткені түсірілген видео жарияланған еді. Оқиға орнында түсірілген видео "ВКонтакте" желісіндегі "Типичный Павлодар" тобында жарияланды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети