1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Павлодар полицейлері "сымбатты ұры қызды" ұстады

Павлодар полицейлері қаладағы сауда үйлерінің бірінде шалбар ұрлады деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, ұсталған күдікті - жергілікті жұмыссыз жүрген 23 жастағы қыз.

Қыз кінәсін толықтай мойындап отыр.

"Қыздың айтуынша, ол бұл қылмысқа материалдық жағдайының қиын болуынан барған. Қазіргі уақытта ол ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Бірақ полициядағылардың соңғы мәліметіне қарағанда, қыз үйіне жіберілді. "Ұсталған келіншектің кішкентай баласы болуына байланысты үйіне жіберілді. Одан қаладан шықпау туралы қолхат алынды", - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар полицейлерінің "сымбатты ұры қызды" іздестіріп жатқаны хабарланған болатын.