Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Павлодар тұрғыны шылым тартқаны үшін үш тәулікке қамалды 08 мамыр 2014, 11:50

Ол қоғамдық орында шылым тартып, тұқылын жерге тастағаны үшін үш тәулікке қамалды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©Марат Әбилов Фото ©Марат Әбилов

Павлодар тұрғыны қоғамдық орында шылым тартқаны үшін үш тәулікке қамалды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта айтылғандай, 39 жастағы павлодарлық азаматша полиция қызметкерлеріне теміржол вокзалының аумағында ұсталған. 

"Өзінің әрекетімен азаматша "Қоршаған ортаны және  қоғамдық орындарды ластамау туралы" заңға қарама-қайшы әрекет жасады.  Ол шылым шегіп болғаннан кейін шылымның тұқылын  қоқыс жәшігіне емес, жерге тастай салған. Осыдан барып кішігірім тәртіпсіздік бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды" - дейді облыстың баспасөз хатшылығы. 

"Сот отырысында әйел өзінің кінәсін мойындады, дегенмен, ол өзін қатаң жазаға тартпауды сұрады.  Бірақ сот үш тәуілікке қамауды ұйғарды" - дейді баспасөз қызметі.

Жалпы,  Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшылығы бұл қоғамдық орында шылым тартқаны үшін үш тәуілікке қамалған бірінші жағдай екенін,  өткен жылы Павлодар облысы бойынша қоғамдық орындарды ластаушыларға  қатысты 21 мың айыппұл салынып, айыппұлдың жалпы көлемі 140 млн теңгені құрағанын  айтып отыр.  

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті