09 ақпан 2016 16:30

Павлодарда 10-сынып оқушысы жасөспірім қызды пышақтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 116almet.ru © 116almet.ru

Павлодарда №25 мектептің 10-сынып оқушысы № 10 мектепте оқитын өзімен жасты қызды пышақпен жарақаттаған, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.


Павлодарда №25 мектептің 10-сынып оқушысы № 10 мектепте оқитын өзімен жасты қызды пышақпен жарақаттаған, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға 4 ақпанда болған. Полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабы ("Адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осыған сәйкес жасөспірімді үш жылдан жеті жылға дейін жазалау қарастырылған. Оқиғаның мән-жайы туралы облыстық ІІД ешбір ақпарат бермеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат бөлімінің меңгерушісі Серік Нұрлановтың айтуынша, зардап шеккен азамат 4 ақпан күні кешкі уақытта жеткізілген. 15 жастағы қыздың мойны мен екі қолы жарақаттанған. "Ауруханаға түскен кезде денсаулығы тексеріліп, ота жасалды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсарып қалды", - деді Нұрланов.

Бүгінде қызды жәбірлеген оқушы мектепке бармайды, үй жағдайында тұтқында отыр. "Мектеп психологы ретінде үйіне бардым. Оның жағдайы ауыр. Кеңес беріп, көмектесуге тырыстым, - деді № 25 мектептің психологы Жаңагүл Төлеубаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети