19 қаңтар 2015 11:25

Павлодарда автокөліктерден бірнеше рет бағалы зат ұрлаған азамат ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©crimea-24.com ©crimea-24.com

Павлодарда автотұрақта тұрған автокөлік салондарынан бағалы заттар ұрлаған 34 жастағы күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарда автотұрақта тұрған автокөлік салондарынан бағалы заттар ұрлаған 34 жастағы күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдан кейін полицияға павлодарлықтар түнде автокөліктерінің тоналғанын айтып, шағым түсірді. Жедел-іздеу шараларының нәтижесінде облыс орталығының бұған дейін сотты болмаған, жұмыссыз тұрғыны ұсталды. 

"Тергеу кезінде күдіктінің тек түнгі уақытта айла жасағаны анықталды. Ол ешкімге естіртпей, автокөліктердің есігін ашып, азаматтардың заттарын тонады. Күдікті көбінде көлікте қалдырылған ұялы телефондар мен автомагнитолаларды алып кетіп жүрген", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған күдіктінің жалпы 100 мың теңге көлемінде зақым келтіргені анықталды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол ұрланған заттарды сатып, ақшаны керегіне жаратқан. Полицейлердің айтуынша, оның тұрғылықты жерінде жасалған тінту шараларының барысында ұрланған заттардың жартысы табылды. Барлық деректерге сәйкес, ҚР ҚК 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сот оны қамауға алуды санкциялады. 

Полиция тұрғындарға автокөлікті қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары көлікті ақылы, күзет қызметі бар автотұрақтарға қоюын және көлік салонында құжаттар мен бағалы заттарды қалдырмауды сұрайды. "Сіздің автокөлік гаражға қойылса да, дабыл қаққышын қосып, гараж есіктерінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз", - дейді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети