06 қазан 2017 17:31

Павлодарда баланы бетонға лақтырып жіберген ер адам сотқа мас күйде келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда баланы бетонға лақтырып жіберген ер алам сотқа мас күйінде келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер айтты.


Павлодарда баланы бетонға лақтырып жіберген ер алам сотқа мас күйінде келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер айтты.

"Бүгін "Бұзақылық" бабы бойынша айыпталып отырған 40 жастағы павлодарлыққа қатысты сот отырысы өтуі тиіс болатын. Алайда сотталушы сот тыңдауына мас күйде келіп, судьяға құрметсіздік танытты. Нәтижесінде сот оған қатысты бұлтартпау шарасын қамауға алуға өзгерту туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Әйгерім Сүлейменова.

Сондай-ақ, ол сот процесінің жабық тәртіпте өтіп жатқанын айтты. Себебі мұнда кәмелетке толмаған баланың мүддесі қарастырылып жатыр.

Баланың ата-анасының материалдық жән моральдық шығынды талап еткісі келетіні белгілі болды. Баланың анасының айтуынша, осы оқиғадан кейін түнгі уақытта ұлының ұйқысы бұзылып, жиі жылап, мазасыз болып кеткен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети