11 желтоқсан 2019 10:26

Павлодарда базар маңын торыған алаяқтар тобы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Павлодарда жұртты карта ойнауға шақырып, миллиондарды қалталарына басқан топ ұсталды. Күдіктілердің бесеуі Өзбекстан азаматы болып шықты, - деп хабарлайды Астана арнасы. 


Павлодарда жұртты карта ойнауға шақырып, миллиондарды қалталарына басқан топ ұсталды. Күдіктілердің бесеуі Өзбекстан азаматы болып шықты, - деп хабарлайды Астана арнасы. 

Полиция департаментінің мәліметінше, топ жымысқы әрекеттерін базар маңында  ұйымдасқан түрде  іске асырған. Базардағы сатушылардың бірі қолындағы тауарын көрсетіп, кейіннен көліктегі тауарды көруге шақырған. Соңынан тағы бірнеше сыбайласы тұтынушы ретінде жіберілген. Осылайша сатушы қоймадан тауар әкелуге кеткенде сыбайластардың бірі уақыт өткізу үшін карта ойнауды ұсынған. Алғашқыда оған бірнеше мәрте ұтқызып, кейінен қомақты 1 миллионнан аса сомманы ұтып алған көрінеді. Әзірге арбауға түскен 2 адам шағымданған. Оның бірі - 64 жастағы зейнеткер.

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру кезінде 6 азамат ұсталды. Олардың жас шамасы 40 пен 70 аралығында", - деді облыстық ПД ресми өкілі Жанна Біләлова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети