20 маусым 2016 10:48

Павлодарда базардан iPhone ұрлаған адам видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Павлодарлық полиция қызметкерлері ұрлық үстінде бейнекамераға түсіп қалған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.


Павлодарлық полиция қызметкерлері ұрлық үстінде бейнекамераға түсіп қалған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, Павлодар қаласының дүкендерінің бірінде сатушы iPhone маркалы ұялы телефонын сөренің үстіне қойып, басқа бөлімге кетіп қалған. Телефонының жоқтығын жұмыстың соңында ғана есіне түсірген. Бірақ, соңғы рет қойып кеткен жерінен таба алмаған. Дүкеннің ішіндегі бейнекамерасына түсірілген жазбада ер адамның телефонды қалтасына салып, шығып кеткені көрінеді. ІІД-нің мәліметі бойынша күдікті 30-35 жаста, бойы - 156-170 сантиметр, дене құрылымы шымыр келген адам.

Егер бұл оқиғаға қатысты қандай да бір мағлұмат болса, полиция қызметкерлері мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұрайды: 37-15-00, 37-15-01 немесе 102.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети