30 желтоқсан 2016 21:41

Павлодарда белгілі дзюдошыны қинаған күдіктілер қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Әбдікәрімов Бақытжан Әбдікәрімов

Павлодарда белгілі дзюдошы Бақытжан Әбдікәрімовты қинауға күдікті адамдар қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Павлодарда белгілі дзюдошы Бақытжан Әбдікәрімовты қинауға күдікті адамдар қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сот павлодарлық колонияның екі қызметкеріне қатысты бұлтартпау шарасын қатаңдату туралы шешім шығарды. "Павлодар облыстық соттының қылмыстық істер бойынша аппеляциялық алқасы прокурордың жеке наразылығын және зардап шекккен тараптың күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын ауыстыру туралы шағымын қарастырды және қанағаттандырды. Облыстық соттың үкімімен мұның алдында күдіктілерге қатысты қолданылған үйқамаққа алу түріндегі бұлтарпау шарасы екі айға қамауға алуға өзгертілді", - делінген облыстық сот баспасөз қызметінінң хабарламасында. 

Сот жабық күйде өткен. Сонымен қатар, тергеу бапрысында тұтқындалған қызметкерлер шындықтың ашылуынан қорқып, куәгерлерге қысым көрсеткені анықталды.

Сонымен бірге, "Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу" айыбы осы арнайы мекемеде мерзімін өтеп жатқан екі адамға да тағылды. 

Сот-медециналық сараптама қорытындысы өлімнің ұстара пішініндегі құралмен мойын тұсына жасалған соққы салдарынан қан кетуден болғанын анықтады. Сонымен бірге, сараптама қайтыс болған сотталушының бетінде, денесінде, басында, кеуде тұсында соққы іздері болғанын көрсетті. Сондай-ақ, ішінде 46, оң білегіннен 14, сол жағынан 76 тілік жараны анықталған. 

Марқұмның туыстары алдыңғы айыпты "Адам өлтіру" бабына ауыстыруға тағы да қол жеткізіп көрмек.

Еске салайық, Бақытжан Әбдікәрімов 2016 жылдың ақпан айында Павлодардағы АП-162/3 колониясы аумағында тамағы орылған күйде табылған. Ресми нұсқа бойынша, ер адам арнайы мекемедегі терезелердің бірін сындырып, әйнек сынығымен өзін жарақаттаған. Ер адам оның жаза мерзіміне қатысты жеке шағымын қарауға екі күн қалғанда көз жұмғаны белгілі. Әбдікәрімов ауыр дене жарақатарын келтіргені үшін жазасын өтеп жатқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети