25 желтоқсан 2014 21:47

Павлодарда бір әйел баласын қолбалтамен жарақаттап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Павлодарда бір әйел баласын асүйдің қолбалтасымен сабап тастап, денесіне жарақат түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық балалар ауруханасына сілтеме жасап. 


Павлодарда бір әйел баласын асүйдің қолбалтасымен сабап тастап, денесіне жарақат түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық балалар ауруханасына сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің айтуынша, 13 жастағы бала ауруханаға аяғындағы, қолдары мен арқасындағы кескіленген жарақаттарымен түсті. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық. Бала ауруханаға мектептен жеткізілген. Оның қолының кесілген-тілінген жерлерін көрген мұғалімдер дабыл қаққан. Мектеп дәрігері жасөспірімнің денесінің басқа да тұстарынан жарақаттар мен дақтарды тапты.

Оқушының айтуынша, ол анасының тілін алмаған, анасы сол үшін ұрып-соғыпты, қолбалтамен баланы бірнеше рет ұрған. Облыстық ІІД мамандарының мәліметінше, бұл дерек бойынша "Денсаулыққа қасақана орта ауыр деңгейде зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Баланың анасы спиртті ішімдік ішетін болып шықты. Полицейлердің айтуынша, ауруханадан шыққаннан кейін бала арнайы мекемеге жіберіледі, жасөспірімдер істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға оның анасын ата-аналық құқығынан айыру туралы өтініш жолданады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында бір ер адамның өз қызын балталап тастағаны хабарланған болатын. Ер адам алдымен әйелімен жанжалдасқан, кейін оған балта алып жүгіргенде 11 жастағы қызы араша түскен. Балта қыздың ұйқы күретамырына тиіп кетіп, ол сол жерде қайтыс болды. Ал 47 жастағы ер адам кейін бесінші қабаттан секіріп кетіп, мерт болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети