18 наурыз 2019 17:45

Павлодарда ер адам көшеде екі баланы ұрып-соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorvesti.ru © gorvesti.ru

Павлодарда ер адам көшеде екі баланы ұрып-соқты, - депа хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Павлодарда ер адам көшеде екі баланы ұрып-соқты, - депа хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 16 наурызда болған, алайда бұл туралы полицияға бүгін мәлім болған. 

"Минин көшесінің бойында белгісіз ер адам бұзақылық пиғылмен кәмелетке толмаған балаларға дене жарақатын тигізген. Осы дерек полицияда тіркелді. Полицейлер Павлодар қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады", - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полицейлердің мәліметінше, зардап шеккендер 2009 және 2010 жылғы екі кәмелетке толмаған (зардап шеккендер ағайынды - автор.) бала. Балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады. Нәтижесінде соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - деді полициядағылар.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар Павлодар облыстық балалар ауруханасында жатыр. Кәмелетке толмаған балалар ми жарақатын алған, көптеген гематома бар, басы жарылған, кеуде тұсы мен беті сырылған.

"Келіп түскен кезде невралогиялық симптоматика есебінен олардың жағдайы ауырлығы орташа болды. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты", - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети