11 сәуір 2018 16:42

Павлодарда Германия азаматын өлтірген 19 жастағы екі қыз сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© usolie.info © usolie.info

Павлодарда Германия азаматын өлтірген 19 жастағы қыздарға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда Германия азаматын өлтірген 19 жастағы қыздарға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аяусыз өлтірілген Германия азаматының ісі аяқталды. Сот алдына Павлодар қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде келді. Қыздарға топтасып адам өлтіру бабы бойынша айып тағылған. Сот процесі жабық түрде өтті. Бүгін Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта күдіктілерге сот үкімі шықты. 

"Сот Павлодар облысының екі тұрғынын аса ауыр қылмыс істегені үшін кінәлі деп тапты. Олардың әр қайсысы 16 жыл бас бостандығынан айырылды. Кінәлары толығымен дәлелденді", - деді судья. 

Сонымен қатар, әрқайсысы зардап шеккен тарапқа 2,5 миллион теңге және 2,2 миллион шығынды өтеуі үшін бірдей төлеуі тиіс. 

Қыздар жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Біреуі жергілікті кафеде даяшы болып, ал екіншісі медициналық колледждің екінші курс студенті болып оқыған. 

Айта кетейік, Германияның 25 жастағы азаматы Павлодардағы пәтерлердің бірінен өлі күйінде табылған еді. Ер адамның денесі, мойны және ішінде пышақ жарақаттары бар және бас сүйек миы зақымдалған. Күдікті ретінде полицейлер павлодарлық 19 жастағы қыздар ұстады. Екі қыздың бірі қаза тапқан ер адаммен жанжалдасқаннан кейін, арты осындай жайтпен аяқталған. Ұрыстан кейін қыз бала ренжіп, алайда біршама уақыттан соң құрбысымен бірге пышақ ұстап келген. Қаза тапқан адам Германия азаматы және Павлодарға қонаққа келгені анықталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети