Павлодарда жедел жәрдем қызметкерінің формасын киіп, ер адамды сабады деген күдікті ұсталды

20 Ақпан 2018, 14:21
0
Павлодарда жедел жәрдем қызметкерінің формасын киіп, ер адамды сабады деген күдікті ұсталды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Павлодар полицейлері жедел жәрдем қызметкерінің формасын киіп, ер адамды сабады деген күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кешенді тергеу және жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұзақылық жасады деген 38 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның жекеменшік фирмада жүргізуші болып жұмыс істейтіні белгілі болады. Бұзақылық дерегі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, жедел медициналық қызмет станциясы өкілдері олардың қызметкерлерінің бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін айтып отыр. Олар тіпті өздері тергеу жүргізген. Тергеу барысында өтіп бара жатқан ер адамды жекеменшік фирмалардың біріндегі жүк тиеушілердің ұрып-соққаны анықталған. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының басшылығы жекеменшік фирма қызметкерлерінің жедел жәрдем қызметкерлерінің арнайы формасын қолданғанына наразылық білдіріп отыр. Олар енді сотқа шағымданбақшы.

Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар полицейлерінің жедел жәрдем қызметкерлерінің ер адамды сабағаны түсірілген видеоны тексеріп жатқаны хабарланған еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай