Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Павлодарда көшедегі адамды ұрып-соққан полицейлер жазаланды

29 Маусым 2015, 13:05
2
©Youtube кадры
©Youtube кадры

Павлодарда көшедегі адамды ұрып-соққан полицейлер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД басшылығы Youtube ресурсында "Павлодар полициясы" деген атпен жарияланған видеоға қатысты шара қолданды. "Қазіргі уақытта 1982 жылғы қызметкерге қатысты "Қызметтік өкілін асыра пайдалану" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Осы сайтқа жүктелген материалдарға сот видео-фонографиялық сараптама тағайындалды", - делінген ІІД баспасөз өкілдерінің хабарламасында. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберіледі.

"Өзге қызметкерлерге қатысты Өзіндік қауіпсіздік басқармасында қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері жауапкершілікке тартылады, ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылуы да мүмкін", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Айта кетейік, Павлодар полициясында тәртіп сақшыларының да, өңір тұрғындарының да теріс әрекеттеріне жөнді баға беру үшін төске тағылатын видеотіркегіш алу мәселесі қаралып жатыр. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері департамент басшылығының тәртіп сақшыларының жосықсыз тәртібі туралы деректерге бей-жай қарамай, дер кезінде көпшіліктің назарына салатыны үшін азаматтарға алғыс айтатынын атап өтті.

Еске салайық, полицейлердің жол бойында бір азаматты ұрып-соққаны бейнеленген видео YouTube желісінде 25 маусымда шыққан болатын. видеодан павлодарлық екі полицейдің көшеде тұрған ер адамға келіп, біреуінің оны бетінен ұрғанын көруге болады. Екі полицей де ер адамның қолын қайырып, оны автомобильге тыққылады. Мұны көрген әйел адам жүгіріп келді, осыдан кейін полицейлер ер адамды босатты. Видео "Павлодар полициясы" деген атаумен жүктелді. Павлодар облыстық ІІД өкілдері тәртіп сақшыларының назарына түскен ер адамның мас болуы мүмкін екенін айтады. Алайда, олардың пікірінше, полиция қызметкерлерінің бұл әрекеті жөнсіздік.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай