21 ақпан 2016 18:21

Павлодарда қылмыскерлер облыс орталығының тұрғынын қызған үтікпен азаптаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sputnik.by © sputnik.by

Павлодарда төрт қаскөй облыс орталығы тұрғындарының бірінің көлігін тартып алу үшін, оны қызған үтікпен азаптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.


Павлодарда төрт қаскөй облыс орталығы тұрғындарының бірінің көлігін тартып алу үшін, оны қызған үтікпен азаптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, олардың барлығы да кінәлі деп танылды. Олардың әрқасысы төрт жылға сотталып, мүліктері тәркіленетін болды.

Сотталғандар жазаларын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді. Қылмыстық іс материалдары бойынша, өткен жылы қазанда ер адамдар пәтер жалдап, бейтаныс, кәмелет жасқа толмаған қыздың көмегімен жергілікті екі тұрғынды алдап, олардың біріне тиелісі Mazda автокөлігін өздерінің атына жаздыруды талап етті.

"Тергеу барысында олардың зардап шеккен адамдарды пәтерде жеті сағат бойы қинап ұстап, пышақпен қорқытып, басы мен денелеріне көптеген жарақат салғандары анықталды. Сонымен қатар, қолдарын байлап, темір үтікті токқа қосып, зардап шеккендердің бірінің иығы мен кеудесін күйдірген", - деп хабарлады құзырлы органдағылар.

Олардың айтуынша, қаскөйлер азаптау арқылы зардап шеккен адамдардан көлікті беру туралы қолхат алып, кейін оны есептен шығарып, сату үшін нотариус арқылы сенімхат алған. Зардап шегушілер полицейлерге арызданғаннан кейін құжат жойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети