26 тамыз 2016 22:03

Павлодарда өгей қызын зорлаған әке сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

Павлодарда кәмелет жасына толмаған өгей қызын зорлаған әке сотталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 43 жастағы азғын ендігі 11 жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс.


Павлодарда кәмелет жасына толмаған өгей қызын зорлаған әке сотталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 43 жастағы азғын ендігі 11 жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс.

Азғын он бес жасар қызды алғаш рет былтыр қараша айында зорлаған. Сыртта біреудің малын баққан ер адам кейін қыздың қол-аяғын байлап, мұнысын тағы бірнеше рет қайталаған екен. Әбден қиналған жеткіншек кейін бәрін шешесіне жайып салған. Бірақ, анасы бұған еш мән бермепті. Ақыры түсік тастаған қызын ауруханадан тапқан әйел азаматтық некедегі күйеуінің айуандығына көз жеткізген. Ал бүгін жұбайын еш айыптамайтынын мәлімдеген әйел соттан оның жазасын жеңілдетуді өтінді. Бірақ бұл арызы қанағаттандырылмады. Сот 43 жастағы Арман Рахметовті 11 жылға қатаң тәртіптегі колонияға қамау жазасына кесті. Бұған қоса, ол енді 300 мың теңге көлеміндегі сот шығынын өтеуге де міндетті (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети