Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодарда педофил деп айыпталушының аты-жөні анықталып жатыр

26 Қараша 2014, 21:02
0
Суретті түсірген Марат Әбілов
Суретті түсірген Марат Әбілов

Павлодарда бала ұрлаған және алты жасар қызды зорламақ болды деп айыпталушы еркектің аты-жөні анықталып жатыр деп хабарлайды Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетелік, ер адам қызды балмұздақ беріп, жалға алған пәтеріне алып кірген. Полициядағылар педофил деп айып тағылушы аты-жөнін атағанымен, оның жалған боп шыққанын айтады.

"22 жастағы ер адам құрықтау кезінде өзінің аты-жөнін атады. Алайда мәліметтер базасы көрсетіп бергендей, анкетада көрсетілген барлық дерек ойдан шығарылған, ондай аты-жөндегі адам өмірде жоқ. Қылмысқа күдікті соңғы екі жыл бойына осы жалған тегімен жүргенін, ал нақтысындағысы есінде жоқтығын айтады" дейді Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова.

Оның айтуынша, баланы ұрлаған еркектің туған-туысы, жақын-жамағайы жоқ.  Педофиль деп күдік танытушымен бірге тұрып жатқан әйел оның нақты аты-жөнін білмейді екен. Полициядағылар бұл ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барлығын жоққа шығармайды.

Еске сала кетелік, тамыз айының соңында зорлау мақсатында бала ұрланғандығы хабарланған. Кривенко көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде бұл оқиға орын алған. Есік алдынан көршісінің алты жасар қызын кездестірген ер адам оған балмұздақ сатып алып беріп, тоғызыншы қабаттағы өз пәтеріне алып барған. Баланың ұрланғаны жайлы ата-ана оның құрбыларынан білген. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қызын аман алып қалу үшін әкесі 10 қабаттағы шатырға көтеріліп, 9 қабаттың самалдығына секіріп түскен. Сол арадан ол баласын қайтару үшін еркекпен келіссөз жүргізген. Алайда ер адам оның апайының қызы екенін айтып, жібермеген. Көп ұзамай пәтер нөмірін анықтаған полициялар есікті бұзып кірген. Полиция мәліметі бойынша, күдікті қызды зорлап үлгермеген. Құрықталған ер адам "Кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды" деген бап бойынша айыпталып отыр. Қазір күдікті уақытша қамау изоляторында. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай