18 қазан 2017 12:26

Павлодарда танымал дзюдошыны азаптаған түрме қызметкерлері жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар түрмесінің қызметкерлері дзюдодан Қазақстанның бұрынғы чемпионы Бақытжан Әбдікәрімді азаптағаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар түрмесінің қызметкерлері дзюдодан Қазақстанның бұрынғы чемпионы Бақытжан Әбдікәрімді азаптағаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда түрмеде қайтыс болған танымал спортшыға қолданылған қылмыстық іске қатысты сот ісі аяқталды. АП-162/3 арнайы мекеменің екі қызметкері ҚР Қылмыстық кодексінің "Қинау, алдын ала келісім бойынша адамдар тобы бірнеше рет істелген әрекет", "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" және "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" баптары бойынша айып тағылған. Сонымен қатар осы істе тағы бір фигурант - колонияның экс-басшысы "Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" бабы бойынша айыпталды. 

Сот Ержан Канкин мен Қайрабай Мұқановты қылмыстық заң бұзды деп таныды. Колония басшысы Саспанов төрт жылға сотталды, сонымен қатар оның мүлкі тәркіленеді. Ал Канкин мен Мұқанов шартты түрде үш жыл алты айға сотталды", - деп оқыды үкімді № 2 сотының судьясы Әнуарбек Оспанов. Соңғы екеуі сот залынан босатылды. Сонымен қатар, сотталушылар жәбірленуші төрт адамға 750 мың теңгеден өтемақы төлейді. 

Жәбірленушілер сот шешімімен келіспейді, оның жоғарғы инстанцияда қаралуы үшін қайтадан арыз бермекші. Сонымен қатар, сот шешіміне Саспановтың да туыстары қарсы, себебі қайғылы оқиға болғанға дейін ол АП 162/3 түзету колониясының басшысы болып үш-ақ күн қызмет еткен. 

Іс материалдарында спортшы қайтыс болғанға дейін үш күн қалғанда түзету мекемесінің қызметкерлері Әбдікәрімді үш күн бойы қызметтік кабинетте, басқа сотталушылардың көзінше ұрып-соққан. Жалған куәлік беруі үшін куәгерлерді қорқытқан, алайда сот барысында куәгерлердің кейбірі негізгі оқиғаны баяндап берді. 

Сот медициналық сараптама қорытындысы бойынша Бақытжан Әбдікәрімнің мойнынан ұстара тектес затпен бауыздалғаны анықталды. Сонымен қатар оның денесінен көптеген жарақаттар (136 кесілген, сырылған) анықталған. 

Дзюдошының туыстары істі "Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру" бабы бойынша қарауды сұраған. Алайда тергеу барысында бұл арыз алып тасталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети