02 желтоқсан 2015 15:55

Петропавлда жанармай құю бекетіне балтамен шабуылдағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Петропавлда "Эталон" жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Петропавлда "Эталон" жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 қарашада бетперде киген белгісіз екі адам Петропавловдан шыға берген жолдағы жанармай құю бекетіне шабуыл жасады. Олар күзетші мен операторды қорқытып, ірі көлемде қаржыны алып кеткен. Шабуыл таңертең ерте жасалды.

"Бұл қылмыс СҚО ІІД басшысының бақылауына алынды. Бұл қылмысты ашу үшін Петропавл ІІБ және ІІД барлық күші біріктірілді. Нәтижесінде, 29 қараша күні қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері криминалдық полиция басқармасы және СҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандарымен бірігіп бұл қылмыстың бетін ашты. Қызылжар ауданының тұрғындары ұсталды", - деді Петропавл ІІД басшысы Анатолий Мырзықанов.

Ұсталғандар қала маңында тұрған, олардың біреуінің бұған дейін ұрлық жасап, істі болғаны анықталды. Екеуі де есірткіге тәуелді болыпты. Ұрылар қолды қалған қаржыны есірткі мен көңіл көтеруге жұмсаған.

Қазіргі таңда ұсталған ер адамдар қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша жүріп жатыр. Олар бұл бап бойынша бестен он жылға дейін сотталып, мүліктері тәркіленуі мүмкін.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети