11 қазан 2016 09:30

Петропавлда түнгі клуб маңында соққы көрген 23 жастағы баскетболшы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Игорь Нанаев © Vk.com Игорь Нанаев © Vk.com

Петропавлда түнгі клуб маңында белгісіз біреулер өлімші етіп сабап кеткен 23 жастағы баскетболшы Игорь Нанаев облыстық ауруханада қайтыс болды. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне "Барс" баскетбол клубының өкілдері растады. 


Петропавлда түнгі клуб маңында белгісіз біреулер өлімші етіп сабап кеткен 23 жастағы баскетболшы Игорь Нанаев облыстық ауруханада қайтыс болды. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне "Барс" баскетбол клубының өкілдері растады. 

"Жігіт 10 қазанда кешкі уақытта жансақтау бөлімінде жатқанда, оның жүрегі тоқтап қалды. Денесі мәйітханаға жеткізілді. Ертең мәйіт сойылып, сараптама мен қорытынды жасалады", - деді балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің басшысы.

"Қайтыс болған жігіттің артында әйелі мен өгей әкесі қалды. Біздің клубта ол бір ай ғана жаттықққан еді. Жақсы жігіт еді. Клубымыз осымен қанша уақыт жұмыс істеп келе жатыр, бірақ бұл оқиға бізді қатты есеңгіретті", - деді ол.

Еске салайық, 5 қазанда Петропавлдағы түнгі клубта белгісіз біреулер баскетболшыны өлімші етіп сабаған болатын. "Бастапқыда олар сөйлесіп тұрған, содан кейін сөзден сөз шығып жанжал басталған. Төбелес бастаушыны ұрып, талдырып тастаған. Олардың Игорьді айуандықпен тепкілегені ашуыма келді. Оның басын асфальтқа соққан, ол есінен танып жатқан кезде басына секірген. Оны өлтірмек болғандай", - деді "Барс" клубының директоры Михаил Дедов. Дедовтың айтуынша, спортшыларға ондай мекемелерге баруға тыйым салынған, алайда тоқтату мүмкін болмаған көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети