Полицейлер Қостанайда бұрынғы бас дәрігерді өлтірді деген күдіктінің суретін жариялады

29 Наурыз 2017, 19:57
0
Полицейлер Қостанайда бұрынғы бас дәрігерді өлтірді деген күдіктінің суретін жариялады -

Қостанайда бұрынғы бас дәрігерді өлтірді деген күдіктінің суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қостанай облыстық ІІД өкілдері 40 жастағы Гафаров Руслан Рамильевичке іздеу салды. Айта кетейік, іздестіріліп жатқан ер адам - Қостанай қаласының тумасы.

"Белгілері: тығыз денелі, бойы 175-180 сантиметр, шашы қара, қысқа, сақалы немесе мұрты болуы мүмкін", - делінген Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің бағыттамасында.

Қостанай облыстық ІІД күдіктінің мекен-жайы жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды:  8 (7142) 52-61-11, 52-61-12 немесе 102.

Еске салайық, 20 ақпанда бас дәрігер Рашида Сандыбаева өлі табылған еді. Оған өз пәтерінде шабуыл жасалған. Оған белгісіздер 30 рет пышақ ұрған. Туыстары мен жақындарының айтуынша, жарақаты бұдан да көп болған. "Жәбірленушінің бетінен жарақаты көрініп тұрды, кастетпен ұрған сияқты. Денесінде сау жері жоқ. Рашида Қоахметқызының тойтарыс бергісі келгенін, босап шығуға әрекеттенгені көрініп тұр", - деді марқұмның құрбысы.  

Ал бір апта өткеннен кейін полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен үш адамды ұстады, олардың ішінде 1977 және 1991 жылғы екеуі қамауға алынды. Үшіншісі, бейресми мәлімет көздерінің сөзі бойынша, Талғар емханасының емделушісі екен. Қазіргі уақытта ол қамауға алынбаған. Күдіктілерді полицейлер бейнебақылау камералары арқылы тапқан. Кісі өлтіргеннен кейін екеуі қаладан қашып кеткен, олар Қарағандыдан ұсталды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай