Полицейлер ШҚО-да 8 жастағы қызды өлтірді деген күдіктіні ұстады

12 Қараша 2016, 11:59
0
Полицейлер ШҚО-да 8 жастағы қызды өлтірді деген күдіктіні ұстады -

Полицейлер Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданында жоғалып кеткен 8 жастағы қыздың өліміне қатысы бар күдіктіні ұстады. Ол сол қаланың 25 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам екінші сынып оқушысы Виктория Тойкенованың денесі табылғаннан кейін ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, расталмаған ақпаратқа сәйкес, қыздың өртенген денесі тастанды үйде жатқан.

"Полицейлер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады ведомстводағылар. - Тергеу жұмыстарын қалалық ІІД басшылығы өз бақылауына алды".

Еске салайық, Виктория Тойкенева 10 қарашада жоғалған. Қыз мектептен үйіне қайтып келе жатып, із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Ал 8 жастағы қыздың өлігі табылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай