17 шілде 2016 13:32

Полицейлер теміртаулық бизнесменді өлтіруге тапсырыс бергендерді ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Дашкевич Владимир Дашкевич

Полицейлер теміртаулық бизнесмен Владимирр Дашкевичті өлтіруге тапсырыс бер делінгендерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 


Полицейлер теміртаулық бизнесмен Владимирр Дашкевичті өлтіруге тапсырыс бер делінгендерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Полицейлер тапсырыспен өлтіру әрекетінің алдын алды. Өлтіруге тапсырыс беруші ұсталды. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-99-бабы ("Өлтіруге оқталу - Тапсырыспен өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Владимир Дашкевич аман-есен. Мән-жайын дүйсенбіде хабарлаймыз", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісінің міндетін атқарушы Батырхан Смайылов.

Еске салайық, 4 шілдеге қараған түні Теміртауда жиһаз өндірумен айналысатын 34 жастағы Владимир Дашкевич жоғалып кеткен еді. Теміртаулық бизнесменнің қайда жоғалып кетуі мүмкін екенін оның туыстары атаған еді. Кәсіпкерді бизнесі бойынша бұрынғы серіктестері қорқытып жүрген көрінеді. Олар кәсіпкердің үйіне, жұмысына келіп жүрген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети