1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Полицейлер тұтқындаған қарағандылықтың өлімінің себебі анықталды09 қараша 2017, 14:34

Полицейлер тұтқындаған қарағандылықтың өлімінің себебі анықталды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына қарағанда, жігіттің жүрегі тоқтап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізілді. Сараптаманың қорытындысы жүрек қызметі тоқтағанын көрсетті", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қарағандының Октябрь аудандық прокуратурасы 25 жастағы жігіттің өліміне қатысты тергеу бастады.

"Қарағандының Октябрь аудандық прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабы бойынша ("Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi шаралар шегінен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру:) тергеу бастады. Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін қарағандылық жігіттің полицейлердің тұтқындауы кезінде көз жұмғаны хабарланған болатын. полиция өкілдері өз кезегінде 8 қарашада шамамен сағат 20.00-де Қарағандының Киров бөлімінің полиция бөлімшесіне 19 жастағы тұрғыннан белгісіз біреулердің оны ұрып кетіп, ұялы телефонын алып кетіп қалғаны жайлы хабарлағанын айтты. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.