Алматы маңында бейіттерді қиратты деген күдікпен бірнеше оқушы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы маңында бейіттерді қиратты деген күдікпен бірнеше оқушы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында Жамбыл ауданының АІІБ-нің қызметкерлері кәмелетке толмаған бес оқушыны ұстады. Олар қылмыстық заңбұзушылық жасады деген негізді күдік бар. Ұсталғандардың барлығы жергілікті мектептің 13-15 жас аралығындағы оқушылары. Бұл жағдай мектеп басшылығына ескертілді", - делінген хабарламада.
Іс бойынша тергеу басталды.
Жергілікті тұрғындардың суреті
5 сәуірде Жамбыл ауданы Қасымбек аулының бірнеше жергілікті тұрғыны жергілікті зираттағы 13 бейітті қиратқандарға қатысты шара қолдану туралы арыз берген.