07 сәуір 2017 17:26

Полиция Алматы облысында бейіттерді қиратты деген күдіктілерді тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасымбек аулының тұрғындары түсірген сурет Қасымбек аулының тұрғындары түсірген сурет

Алматы маңында бейіттерді қиратты деген күдікпен бірнеше оқушы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы маңында бейіттерді қиратты деген күдікпен бірнеше оқушы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Жамбыл ауданының АІІБ-нің қызметкерлері кәмелетке толмаған бес оқушыны ұстады. Олар қылмыстық заңбұзушылық жасады деген негізді күдік бар. Ұсталғандардың барлығы жергілікті мектептің 13-15 жас аралығындағы оқушылары. Бұл жағдай мектеп басшылығына ескертілді", - делінген хабарламада. 

Іс бойынша тергеу басталды. 


Жергілікті тұрғындардың суреті

5 сәуірде Жамбыл ауданы Қасымбек аулының бірнеше жергілікті тұрғыны жергілікті зираттағы 13 бейітті қиратқандарға қатысты шара қолдану туралы арыз берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети