Алматы облысында Талғар өзенінде денесі табылған ер адамға қатысты қылмыстың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында Талғар өзенінде денесі табылған ер адамға қатысты қылмыстың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс материалдарына қарағанда, 2 қарашада Талғардағы Кеңдала ауылының маңында жергілікті тұрғындар денесінде зорлық белгілері бар ер адамның денесін тауып алған. Қаза болған ер адамның Балқаш ауданының тұрғынын екені анықталды. Оған жеті рет пышақ салған.
Полициядағылардың айтуынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қаратал ауданының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қазіргі уақытта қамауда.
"Күдіктінің ер адаммен бірге алкоголь ішіп, нәтижесінде екеуінің арасында дау шыққаны анықталды. Ер адамның осыған дейін қарақшылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу оқиғаның басқа да мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады Алматы облысының полициясы.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.