20 мамыр 2016 14:11

Полиция Алматыда қоршауға алынған жерде суреттердің кімнің түсіргенін анықтайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қоршауға алынған жерде суреттердің кімнің түсіргенін анықтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. Желіде Республика алаңының маңындағы қоршауға алынған тұста табылған пакеттің ішіндегі заттардың суреті пайда болған еді.


Полиция қоршауға алынған жерде суреттердің кімнің түсіргенін анықтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. Желіде Республика алаңының маңындағы қоршауға алынған тұста табылған пакеттің ішіндегі заттардың суреті пайда болған еді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгін Алматы қаласында табылған заттар бойынша істер әрқайсысы бөлек қарастырылады. Табылған заттар жайлы азаматтар хабарлаған. 

Салтанат Әзірбек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын хабарлады.

Осыған дейін бүгін, 20 мамырда Алматы полицейлерінің "Астана" алаңы мен Республика алаңының маңында жүргізілген жедел шаралардың барысында өртенетін сұйықтығы бар шөлмектер, арматураның ондаған данасы, металл түтікшелер мен бензин құйылған канистраларды тапқаны хабарланды.

Бұған дейін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Бәйсейітова көшесі аймағын: Абай даңғылынан жоғары, Республика алаңының маңына дейінгі аралықты қоршауға алғаны хабарланған еді. Куәгерлер кәріз құдығында белгісіз қаптың табылғанын айтты.

Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерден полицейлердің қоршауға алынған жерді тексеріп жатқанын көруге болады. Жолда металл темірлер, түтіктер, сонымен қатар шыны бөтелкелер мен белгісіз сұйықтық құйылған пластик бөтелке жатыр. Кадрдан полицейлердің табылған заттардағы саусақ іздерін тексеріп жатқанын байқауға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети