30 қараша 2015 07:46

Полиция Алматыда мұғалімнің оқушыларды ұрып-соғуы дерегін тергейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматы қаласындағы мектептердің бірінде мұғалімнің оқушыны ұрып-соққаны бейнеленген видео жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео авторы оқиғаның Алматыда Түрксіб ауданындағы №198 мектепте болғанын жазады.


Алматы қаласындағы мектептердің бірінде мұғалімнің оқушыны ұрып-соққаны бейнеленген видео жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео авторы оқиғаның Алматыда Түрксіб ауданындағы №198 мектепте болғанын жазады.

Видеода мұғалімнің оқушыларға ұрысып жатқаны, кейін бір оқушының басын ұстап, тақтаға ұрғаны бейнеленген. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл деректің 28 қарашада сотқа дейінгі Бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы") бабы бойынша тіркелді.  

Іспен Түрксіб аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі айналысып жатыр. 

Тергеудің осы сатысында оқиғаның 25 қарашада Алматының Түрксіб ауданындағы жалпы білім беру мекемелерінің бірінде болғаны анықталды. Видеокадрларда 22 жастағы мұғалімнің заңға қайшы әрекеті бейнеленген. 

"Болған оқиға жайлы осыған дейін ешкім хабар бермеді, оқушылардың ата-аналарынан арыз түспеді. Ішкі істер департаменті Желіде 28 қарашада пайда болған видеожазбаны дереу зерттеп, ҚР заңнамасына сәйкес шара қабылдады. Осы іс бойынша тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети