06 қазан 2015 13:35

Полиция ашулы велосипедшіні ұстау сәті көрсетілген видеоны ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында полицейге бағынбай, қорлаған велосипедші қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы қаласында полицейге бағынбай, қорлаған велосипедші қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оны ұстау сәті көрсетілген видео Желіге шықты, оның сипаттамасында велосипедшінің Тимирязев көшесінде кортеждің жүруіне кедергі болғаны айтылған. 


Видео 7news.kz/YouTube

Қалалық ІІД өкілдері оқиғаның 2015 жылдың 4 мамырында болғанын түсіндірді. Бұл күні полицейлер "жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ресми күзет шараларын" жүзеге асырып жатқан. Полицияның мәліметінше, 23 жастағы алматылық Тимирязев көшесінің бойымен кетіп бара жатып, полицейдің "Назар аударыңыз! Стоп!" деген жалпы командасына бағынбаған және жылдамдығын тежемей, қозғалып, апаттық жағдайды туғызған. Осылайша ол өзі де көлікпен соғысып қала жаздады делінеді. 

Ал ІІД баспасөз қызметі велосипедшінің ұсталған сәті бейнеленген тағы бір видеоны жария етті. 

Ескерту! Былапыт сөздер айтылады! 

"Ер адам полицейлердің заңды талабын орындаудан бас тартты. Оның үстіне былапыт сөз айтып, тәртіп сақшыларын қорлап, олар тұрған жаққа майда тас лақтырды. Ол оқиға орнынан қашып кетпекші болды, нәтижесінде тәртіп сақшылары оны ұстап, Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына жеткізді. Билік өкіліне бағынбау дерегі Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының соталды бірыңғай реестрінде тіркелді", - деп хабарлады полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети