Полиция Астанадағы дүкендердің бірінде 10 мың теңгелік купюраның фокусы түсірілген видеоны зерттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция Астанадағы дүкендердің бірінде 10 мың теңгелік купюраның фокусы түсірілген видеоны зерттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Осы дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Азаматтардан ешқандай шағым түскен жоқ", - деді қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Айта кетейік, осыған дейін Facebook желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда?" парақшасында ер адамның сатушыға 10 мыңдық купюраны бергенін бірақ сатушының ақшаны алмай жатып ақшасын қайтарып жатқаны түсірілген видео пайда болған еді. Видеоны Бағым Осмоналиева есімді қолданушы жариялаған болатын.
"Азаматтарға, сауда саласының өкілдеріне ақша алысқанда абай әрі мұқият болуларын сұраймыз", - деді Софья Қылышбекова.
Мұндай жағдайлар осыған дейін Алматыда және басқа да қалаларда болған еді.