15 қазан 2014 17:54

Полиция жаралы бірқазанды жәбірлеген павлодарлықты ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Полиция Павлодар облысында жаралы бірқазанды жәбірлеген ер адамдардың бірін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полиция Павлодар облысында жаралы бірқазанды жәбірлеген ер адамдардың бірін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полицейлер YouTube видеохостингіне орналастырылған бейнеролик бойынша ондағы жаралы бірқазанның соңына түскен жігіттердің кім екенін анықтау жөнінде шараларды қолға алды. Соның нәтижесінде бұл оқиғаның бір қатысушысы анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының бұрын сотталмаған 28 жастағы тұрғыны болып шықты", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. Ұсталған жігіт кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеуалды тексеріс жүріп жатыр, жаралы бірқазанды қорлаған ер адам ешқайда кетпеуі жөніндегі қолхатпен босатылды. Полиция өкілдері "Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн жою және заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау, сол сияқты олар мекендейтiн жерлердi жою" бабы үш жылға дейін бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілеумен бірге үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынын атап өтті.

Бірқазанды жәбірлеген ер адамның кім екенін анықтауға Павлодарда тұратын әйелдердің бірі көмектесті. Ол жаңалықтардан осы туралы сюжетті көріп, күдіктіні таныған. Қазір полиция әйелді ынталандыру мәселесін қарап жатыр.

Еске сала кетейік, қазан айының басында Интернетте екі ер адамның өзендегі жаралы бірқазанды қуып жүргені түсірілген видео пайда болған еді. Олар құсты ұстап алып, суретке түседі. Браконьерлердің құрбаны болған құс сирек кездесетіндіктен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген бұйра бірқазан болып шықты. Жануарларды қорғаушылар бұған наразы болып, полициядан қатігездерді ұстауды және жазалауды талап етті. Жаралы бірқазанның кейінгі тағдыры не болғаны белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети