24 мамыр 2016 12:55

Полиция өкілінің иық белгісін жыртқан әйел жазаға тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысында Полиция өкілінің иық белгісін жыртқан әйел жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

Тасқала аудандық сотында ҚР Қылмыстық Кодексі 379-бабының 1-бөлігі және 378-баптың 2-бөлігі бойынша айып тағылған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды. 

"Ұялы телефонның ұрлану дерегі бойынша Батыс Қазақстан облысының АІІБ-ге мас күйін куәландырудан өтуден бас тартып, билік өкілдеріне қызмет бабындағы міндеттемелерін орындау барысында тіл тигізген азаматша жеткізілген болатын. Оған қоса, әйел билік өкілдерінің заңды талаптарына мойынсұнбай, полиция қызметкерінің нысанды киімінен иық белгісін жұлып алған", - деп хабарлады облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Сот үкімі бойынша азаматша билік өкіліне тіл тигізгені үшін 120 сағатқа, сонымен қатар, билік өкіліне бағынбаушылық үшін 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

"Сотта ҚР Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 2-бөлігіндегі қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы пайдалана отырып, 120 сағат мерзімге қоғамдық жұмыс түріндегі жаза біржола тағайындалды. Үкімнің орындалуы пробация қызметіне жүктелді. Сот үкімі заңды күшіне енбеді", - делінген сот қаулысында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети