05 шілде 2018 17:52

Полиция Шымкентте ер адамның балаға шабуылдағаны түсірілген видеоны таратушыларды іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvk-uko.kz © tvk-uko.kz

Полиция Шымкентте ер адамның 11 жастағы балаға шабуылдағаны түсірілген видеоны таратқандарды іздестіріп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Полиция Шымкентте ер адамның 11 жастағы балаға шабуылдағаны түсірілген видеоны таратқандарды іздестіріп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Облыстық ІІД өкілдері күдіктінің кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаған заңсыз әрекеттерінің видеосын әлеуметтік желілерде таратқандарды іздестіріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген өңірлік ІІД өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында.

Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға 1 шілдеде болған. 

Әлеуметтік желілерде таралған видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісінде кіргізіп, баспалдақ алаңында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап жатыр. Онда бір әйелдің үйге кіргенін, артынша ер адамның қашып шыққанын көруге болады. Әйел болса ер адамның артынан қуады. 

Еске сала кетейік, мұның алдында шымкенттік зейнеткер балаға шабуылдаған ер адамнан қалай аман алып қалғанын айтып берген еді. Ал кейінірек шабуыл құрбаны баланың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети