18 сәуір 2016 22:22

Полициямен байланысы бар екенін ашық айтқан шымкенттік жезөкше видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полициямен байланысы бар екенін ашық айтқан жезөкшенің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Шымкенттің жергілікті полиция қызметінің өкілдері хабарлады.


Полициямен байланысы бар екенін ашық айтқан жезөкшенің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Шымкенттің жергілікті полиция қызметінің өкілдері хабарлады.

Таяуда Желіде қызу талқыға түскен видео пайда болды. Роликте жезөкше теміржол вокзалының бас полицейі делінген Қалмахан деген адамға ақша беріп тұратынын айтады. Сөйтсе, бұл қыз Өзбекстанның 1995 жылғы тумасы екен. Оның Шымкентке көшіп келгеніне көп болған және қазіргі уақытта "Асар" ықшамауданында тұрады. "Бас полицей Қалмахан" деген адамының да кім екені анықталып отыр. Ол полиция майоры, жергілікті полиция қызметінің полицейі Қалмахан Сайрамбаев болып шықты. Қазір ол теміржол вокзалының маңында қоғамдық тәртіпке жауапты.  

Осыған дейін дәл осы полицей суицид жасағысы келген азаматшаны қаланың психикалық диспансеріне жеткізген екен. Диспансердің қызметкерлері сол уақытта қыздың 2012 жылдан бері қоғамға қауіп төндіретін асоциалдық бағыттағы жүріс-тұрмысы барлар есебіне алынғанын айтқан.

Ал полиция майорына қатысты қызметтік тексеріс басталды. "Полиция қызметкерінің 19 жылдық қызмет өтілі бар. Ол егер кінәсі дәлелденсе ішкі істер органдарынан жұмыстан шығатынын айтты. Оның үстіне оған қатысты қылмыстық іс қозғалады", - деп мәлімдеді муниципал полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан.

Шымкенттің жергілікті полиция қызметінің өкілдері бұл қыздың осыған дейін де тәртіп сақшыларының назарына іліккенін айтып отыр. Бұған дейін ол тонағаны үшін сотталыпты. Ол жалға алынған пәтерлердің бірінде клиентін тонап кетіпті. Жезөкше ұялы телефон мен 15 мың теңге көлемінде ақша ұрлаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети