12 қазан 2016 12:29

Пойызда 12 жастағы қызды зорламақ болған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© opravdaem.ru © opravdaem.ru

"Петропавл-Алматы" бағытында жүретін пойызда 12 жастағы қызға тиіспек болған ер адам қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу көлік прокуратурасына сілтеме жасап.


"Петропавл-Алматы" бағытында жүретін пойызда 12 жастағы қызға тиіспек болған ер адам қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Оқиға 1 қазанда болған. "Алматы-2" станциясының полициясына жолаушы әйел бір ер адамның өз қызына сексуалды сипатта шабуыл жасағанын айтып, арыз жазған. Іс материалдары бойынша, 12 жастағы қыз купенің ішінде екінші қабатта жатқан. Төменгі орындарда ер адам мен әйел адам жатқан. Қыздың анасы мен ағасы билеттің болмауына байланысты басқа купеде жатқан. 

Шамамен сағат 3.00-де ер адам купеге кіріп, қыздың қасына барып жатып алған. Прокуратура мәліметінше, кәмелет жасына толмаған қыз шошып кетіп, айғайлап жіберген, ер адам болса қыздың аузын жауып, тиісе бастаған. Осы уақытта төменгі орында жатқан ер адам жарықты қосып, ер адамды тоқтатқан. 

Сол күні сотқа дейінгі тергеу шаралары "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша қозғалған. "Алматы-1" станциясында тергеушілер ер адамды қамауға алған.

Айыпталушының айтуынша, ол сол күні вагон-мейрамханада ішімдік ішіп, купеге келгенде орнын шатастырып алған. Алайда құқық қорғау органдарының нұсқасы бойынша, ер адам қыздың жанына қасақана барып, зорламақ болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети