24 сәуір 2014 13:00

Прокурор Ан-72 апаты бойынша айыпталушыға алты жыл жаза сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адвокат Абай Аблабеков пен айыпталушы Қанат Ақылбеков. ©Тengrinews.kz Адвокат Абай Аблабеков пен айыпталушы Қанат Ақылбеков. ©Тengrinews.kz

Прокурор Шымкент түбіндегі әуе апаты бойынша айыпталып отырған диспетчерге қоныс-колонияда алты жыл жаза беруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Прокурор Шымкент түбіндегі әуе апаты бойынша айыпталып отырған диспетчерге қоныс-колонияда алты жыл жаза беруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот процесі тараптарды қатар тыңдау кезеңіне көшті, прокурор сотталушы Қанат Ақылбеков үшін жаза мерзімін белгілеуді сұрады. Мемлекеттік айыптаушының пікірінше, диспетчердің бұдан соң үш жыл бойы мұндай қызметті атқаруға құқығы болмайды. Сонымен бірге, ол сот шығындарын өтеуі тиіс, үкім жария етілгеннен кейін сотталушы залдан бірден тұтқындалуы керек. Айыптау нұсқасы бойынша Ақылбеков Ан-72 ұшағын 2150 метр биіктікте тым ұзақ ұстаған, мұның салдарынан ұшақ мұзданып, оның арты әуе апатына соқтырған. Қаза болған шекарашылардың туыстары диспетчердің кінәлі екеніне күмән келтірмейді. Олар сотталушыға алты емес, 10 жыл жаза беруді сұрап отыр.

Ал Ақылбековтің адвокаты басқа дәйектер келтіреді. Ардақ Балпықовтың айтуынша, тергеу барысында көп қателік жіберілген, кейбір куәгерлер орынсыз айғақтар берген. Адвокат "Жарамсыз құралдары бар ұшақтың ұшуына қалай рұқсат берілген?" деген сауалға жауап алғысы келеді. "Әуе көлігінің анероидты-мембраналық құралдарының ылғалтұту жүйесі тексерілместен ол ұшуға шығарылған. Соңғы тексеріс 46 тәулік бұрын жүргізілген, ал соңғы 23 күн ішінде ұшақ жерде атмосфералық жауын-шашын жағдайында тұрған, ауаның температурасы 0-43 градус аяз болған", - дейді адвокат. Ұшақтың мұздануына осы фактор себеп болуы мүмкін. Осыны айтқан қорғаушы соттан диспетчерді ақтауды сұрады.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың 25 желтоқсанында Ан-72 ұшағы Шымкент түбінде апатқа ұшыраған болатын. Астана - Шымкент бағытындағы әскери ұшақтың бортында 27 адам болған, оның 20-сы - Шекара қызметінің жетекші лауазымдағы мамандары. Экипаж мүшелері мен шекарашылардың ешқайсысы тірі қалған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети