18 наурыз 2016 16:28

Прокурор ҚазҰТУ студентінің өлімі бойынша айыпталушыны 8 жылға соттауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылықовтың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотталушы орындығында осы университеттің студенті Тілек Текішев отыр.


Алматыда ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылықовтың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотталушы орындығында осы университеттің студенті Тілек Текішев отыр.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, Текішев ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 3-бөлігінде ("Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") қарастырылған қылмыстық іске барған. "Текішев Тілекті кінәлі деп танып, оған жалпы режимдегі колонияға сегіз жыл мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұраймын", - деді прокурор.


Мемлекеттік айыптаушы.

Дегенмен, қаза тапқан Самұрат Жақсылықовтың әкесі мемлекеттік айыптаушымен келіспейтінін айтып, Текішевті максималды мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Айта кетейік, бұл бап бойынша берілетін ең ұзақ мерзім - 12 жыл. "Құрметті сот! Сізден Тілек Текішевке ең қатаң жаза кесуді сұраймын", - деді Самұраттың әкесі сот отырысында.


Қаза тапқан Самұрат Жақсылықовтың әкесі.

Сот отырысы барысында жәбірленуші тарап жерлеу кезіндегі және басқа да шығындарды тағы нақтылады. Шығынның жалпы сомасы 5 миллион 191 мың 500 теңге болды.


Сотталушының қорғаушысы Бекболат Жексейітов (оң жағындағы).

Еске сала кетейік, тергеу мәліметінше, кісі өлімі 30 қараша күні Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да болды. Дегенмен ресми ақпарат 3 желтоқсанда ғана таратылды. Алматы ІІД мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір осы іске қатысты сот процесі болып жатыр.

Айта кетейік, қаза тапқан Самұрат Жақсылықовтың туыстары туыстары 11 миллион теңгеден аса көлемде өтемақы талап етті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети