22 желтоқсан 2016 17:59

Ірі сомада қаражат жымқырды деп айыпталған кәсіпкер БАӘ-ден экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz мұрағатынан © Tengrinews.kz мұрағатынан

Үлкен сомадағы қаражатты жымқырды деп айыпталған кәсіпкер Біріккен Араб Әмірлігінен Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Үлкен сомадағы қаражатты жымқырды деп айыпталған кәсіпкер Біріккен Араб Әмірлігінен Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Сауд Арабия Корольдігі мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшіліктерінің көмегімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Бұл қазақстандық тараптың Сауд Арабиядағы әріптестермен уағдаластыққа қол жеткізуінің нәтижесі. Біріккен Араб Әмірлігінің құзырлы органдары екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚР Бас прокуратурасының Омар Мұхитты ұстап беру туралы сұрау салуын алғаш рет қанағаттандырды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, үлкен сомадағы қаражатты жымқырды деп айыпталған кәсіпкер ЖОО-лардың бірінің басқарма төрағасы болған кезде 200 миллион теңгеге жуық сомада бюджет қаражатын ұрлап, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ тұлғасында мемлекетке және жеке кәсіпкерге 150 миллион теңге, сондай-ақ "НұрБанк" АҚ-қа 240 000 000 теңге сомасында материалдық залал келтірді деген айып тағылып отыр. Залалдың жалпы сомасы -  600 миллион теңгеге жуық. Қазіргі уақытта ер адам Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, 26 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары аясында Сауд Арабия Корольдігімен сотталған адамдарды ұстап беру және тапсыру туралы мемлекетаралық шарттар жасалған болатын. Қазақстандық тарап атынан құжаттарға Бас прокурор Жақып Асанов қол қойған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети